Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Алтынсарин академиясының бірқатар қызметкері марапатқа ие болды.
Академияның президенті Ғани Бейсембаев және Академияның вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН марапатталды.
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның бас ғылыми қызметкері, «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми-технологиялық бағдарламасының ғылыми жетекшісі Күлжанат Булатбаева Мемлекет басшысының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН,
Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығыныңжетекші сарапшысы Сара Сейітқызы «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалімен наградталды.
Академия ұжымы атынан мемлекеттік марапат иелерін шын жүректен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілейміз!