Жаңалықтарға қайту
08.05.2025
Google Classroom қазақ тілінде де қолжетімді

Ағымдағы жылдың сәуірінде Google компаниясы Google Classroom платформасының тілдік тізіміне қазақ тілін енгізу туралы ресми мәлімдеді. Бұл – Қазақстан мұғалімдері мен оқушылары үшін цифрлық білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Google Classroom – бүкіл әлем бойынша 170 миллионнан астам қолданушы пайдаланатын платформа. Ендігі таңда қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдары үшін цифрлық мүмкіндіктер едәуір кеңейді.
Google Classroom-ды қазақ тілінде қолдануды бастау үшін пайдаланушы өзінің Google аккаунтында тіл параметрін өзгертуі керек. Осыдан кейін интерфейс веб-нұсқада да, мобильді қосымшада да таңдалған тілге автоматты түрде ауысады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтарында Алтынсарин академиясы Google және Microsoft-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ал осыдан бір жыл бұрын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлемдік BIG Tech компанияларының өкілдерімен кездескен еді. Осы кездесуде тараптар ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын. Google Classroom қазақша нұсқасы – цифрлық білім беру ортасын дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бірінші кезеңі.
Дереккөз: https://blog.google/.../google-classroom-language-expansion/