
Кездесудің басты мақсаты – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын қарастыру және оқу бағдарламасын жетілдіру арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету.
Жұмыс топтарының отырысында Академия вице-президенті Руслан Каратабанов пәндерді қазіргі заман талабына сай цифрлық шешімдер және ұлттық құндылықтармен кіріктіру, оларды сабақ барысында оқу мақсатымен сабақтастыру туралы пікірін білдірді. Академияның Жалпы даму пәндері зертханасының меңгерушісі Фарида Нугманова «Технология және өнер» саласының пәндерінің ерекшеліктеріне тоқталып, оларды заман сұранысына сай жаңарту жолдарын ұсынды. Ал профессор Ы.А. Нәби «Графика және жобалау» пәні бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, педагогтерге цифрлық технологиялармен қатар жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.
«Технология және өнер» саласы бойынша жұмыс тобының құрамына «Графика және жобалау», «Музыка», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері бойынша 34 маман енген.