МЖМБС жобасын талқылаулар жалғасуда
Алтынсарин академиясы 2 жыл бойы МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) жобасын сараптамалық, педагогикалық қауымдастықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп талқылады.
Талқылаулар барысында әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылып ескерілді. Қазіргі таңда МЖМБС әзірлеу жұмыстары аяқталып, оның жобасы көпшілік танысуы үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.
МЖМБС жобасына инклюзивті білім беру, оқушылардың кәсіптік бағдарлануы және білім беру процесінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолданылуға қатысты жаңа нормалар енгізіліп, олардың анықтамалары берілді. Бұл, өз кезегінде, білім беру сапасын арттыруға, аталған ұғымдарды білім беру процесіне жүйелі кіріктіруге жағдай жасайды. МЖМБС жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ашық кездесулер жалғасуда.