Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың ғылыми-практикалық негіздеріне арналған республикалық семинар өтті
18 қазанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» республикалық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды.
Онлайн семинарды Орта білім мазмұны институтының директоры Сейфолла Смайлов ашып, жиынның мән-мағынасына тоқталды. Одан кейін «Қазақ филологиясы» зертханасының меңгерушісі Айман Советқызы қазіргі білім берудегі Ж.Аймауытов шығармаларының рөлі туралы жан-жақты ой қозғады.
Семинар барысында ф.ғ.к., жүсіпбектанушы, ғалым Н.Қуантайұлы, PhD, әдебиеттанушы Қ.Әубәкірова, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Ж.Қожағұлова, «Aiqara.kz» ақпараттық агенттігінің әдеби редакторы Е.Қабділәшім баяндама оқыса, «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» мұғалімдері М.Мансұрқызы мен Б.Әділханқызы, «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі А.Тоқтарханқызы, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі С.Сәрсенбайқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімдері мен жүсіпбектанушы ғалымдар пікір алмасып, Алаш арысының шығармаларын оқытудағы әдістемелік негіздерін талқылады.
Кездесуді  Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми қызметкері Б.Ермекұлы жүргізіп, Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтермен бөлісіп отырды.
Аталған іс-шараға еліміздің әр аймағынан 300-ге тарта мұғалім қатысты.