Елордалық мектепте педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге арналған «Иммерсивті оқыту: VR & AR» атты оқыту семинары болып өтті.
Аталған семинарда ғылыми жобаның жетекшісі, Алтынсарин академиясының профессоры Манаргүл Мұқашева, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры Сәуле Сарсимбаева, Ақтөбе қаласының №53 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Венера Өтегенова, Украина Ұлттық педагогика ғылымдары академиясының өкілі, PhD докторы Наталья Сороко, Алтынарин академиясының Кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығы директорының м.а. Қуандық Тайболатов пен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Айсара Өмірзақова баяндама жасады.
Семинардың практикалық бөлімінде шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, педагогтер VR мен AR технологияларын оқу практикасында іс жүзінде қолданып көрді.
Іс-шараның соңында қатысушылар білім беру процесіне VR мен AR технологияларын қолдану перспективаларын, сондай-ақ оларды мектептер мен басқа білім беру мекемелеріне тиімді енгізудің жолдарын талқылады.
* Семинар AP14870741 «Виртуалды шындықтың оқу ортасында бірлескен оқытудың мектеп оқушыларының білім беру нәтижелеріне әсері» ғылыми жобасы аясында өткізілді (2022-2024 жж.)