Жаңалықтарға қайту
10.09.2024
Алтынсарин академиясында кәсіптік бағдар беру жұмысындағы оқу-өндірістік комбинаттың рөлін талқылады
Бүгін Академия президенті Мадина Тыныбаева Павлодар қаласының Оқу-өндірістік комбинаты басшысы және Павлодар қалалық білім беру бөлімінің әдіскерімен кездесіп, қазіргі кәсіптік бағдар беру жүйесіндегі оқу-өндірістік комбинаттың (ОӨК) рөлі мәселесін талдады. Павлодар қаласы ОӨК-нің табысты жұмыс тәжірибесі кездесудің өзектілігін айқындағандай болды.
Кездесу барысында Академияның
Кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығының өкілдері жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға және білім мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Маман» Ұлттық бағдарламасының жобасын таныстырды. Тараптар кәсіптік бағдар беру саласына қатысты білім беру ұйымдарының алдында тұрған ағымдағы міндеттер, әлеует пен сын-қатерлерді талқылады. Аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру тәжірибесі және ұсыныстарымен пікір алмасты.
Сонымен қатар кездесу барысында тараптар кәсіби бағдар беру саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және перспективалық бастамаларды талқылауға арналған конференция өткізу туралы уағдаласты. Павлодар қаласы ОӨК басшылығы аталған конференцияға қатысуға қызығушылық танытты.